Іс-шараны ұйымдастырушы Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының айтуынша, жарыс бағдарламасына Жамбыл облысында тұратын әртүрлі халықтардың ойындары кірді.
Аймақтағы 20-дан астам этномәдени бірлестіктің атынан 11 команда қатысты.
«Қытай этномәдени бірлестігінің спортшылары бірінші орынға ие болды, дұнған орталығының командасы екінші орынды, қазақ мәдени бірлестігінің командасы үшінші орынды қанағат тұтты», — дейді Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілі Сергей Киселев.