Таразда «Қазақстан халықтарының ойындары» атты этноспартакиада болды

Іс-шараны ұйымдастырушы Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының айтуынша, жарыс бағдарламасына Жамбыл облысында тұратын әртүрлі халықтардың ойындары кірді.

Аймақтағы 20-дан астам этномәдени бірлестіктің атынан 11 команда қатысты.

«Қытай этномәдени бірлестігінің спортшылары бірінші орынға ие болды, дұнған орталығының командасы екінші орынды, қазақ мәдени бірлестігінің командасы үшінші орынды қанағат тұтты», - дейді Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілі Сергей Киселев.