Таразда Қазақстандағы Жібек жолының бойындағы қалалардың тарихына арналған мұражай ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда  Қазақстандағы Жібек жолының бойындағы қалалардың тарихына арналған мұражай ашылды

Таразда Қазақстандағы Жібек жолының бойындағы қалалардың тарихына арналған мұражай ашылды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 16 тамыз. ТАРАЗ. Таразда Қазақстандағы Жібек жолының бойындағы қалалардың тарихына арналған мұражай ашылды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісі.

  • 16 Тамыз 2007
  • 874
Фото - Caravan.kz

Мұражай ХХ ғасырдың басындағы сәулет өнерінің ескерткіші — Кали-Юнус моншасының ғимаратында орналасқан.

Жамбыл облыстық «Өлкетану» қоғамдық қорының президенті Ерболат Баймырзиннің айтуынша, әулиеата дәуіріндегі бұл ғимарат жөндеу жұмыстарына дейін апаттық жағдайда болған. Өткен жылдың желтоқсан айынан бері қор мамандары мен «Көне Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени мұражай-қорығының қызметкерлері реставрациялау жұмыстарын жүргізді.

Мұражай залдарында Тараздан Меркеге дейінгі көне бекініс қалалардың орындарынан табылған олжалар мен экспонаттар қойылған.

Мұражайдың жанында оқу залы жұмыс істейді, онда тарих және археология, астрофизика үйірмелерінің мүшелері дәріс алады. «»Өлкетану» қоғамдық қоры археология, антропология, сәулет өнері және астрофизика м мамандықтарын таңдаған ең қабілетті үйірмешілерге жоғары оқу орнында оқу ақысын төлемекші», -делінген қордың хабарламасында.

Алдағы уақытта қор «Көне Тараз қорғандары»археологиялық ескерткішінің негізінде Еуразиядағы отырықшы және көшпенді мәдениеттердің ықпалдастығын зерттеу жөніндегі Орталық Азиядағы бірінші халықаралық ғылыми орталық ашуды жоспарлап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті