Таразда құбырды кеш жөндеген шенеуніктердің кесірінен жүздеген отбасы жылусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда құбырды кеш жөндеген шенеуніктердің кесірінен жүздеген отбасы жылусыз қалды

Таразда құбырды кеш жөндеген шенеуніктердің кесірінен жүздеген отбасы жылусыз қалды

Таразда отызға жуық көпқабатты үй жылыту маусымына дайын емес. Соның кесірінен жүздеген отбасы күздің қара суығында бүрсең қағып отыр. Жаураған ел амалдап электр пештерін қолдануға мәжбүр. Бірақ одан да қайыр болмай тұр. Шенеуніктер болса, әдеттегідей әудесін беріп, бірер күнде жылумен қамтимыз деп сендіреді.    

  • 20 Қазан 2015
  • 250
Фото - Caravan.kz

Жетпіске жасы таяған Сара Ташманова үйінде жалғыз өзі бүрсең қағып отыр.Зейнеткердің пәтері жылудан ажыратылған. Кеше Таразда қар жауаған еді, бүгін соның ызғары сақталып тұр. Мына бөлменің іші даланың суығынан кем емес. 

Сара Ташметова, Тараз қаласының тұрғыны:

-Жаураймыз ғой, қайтып жаурамаймыз. Далада жүрдік қой жылыну үшін есіктің алдын сыпырып. Жаурағаннан кейін.

Қала орталығындағы бас-аяғы 27 көп қабатты үйге жылу құбыры тартылуда. Сол себепті үйлердің аулалары астан-кестең. Ой-шұқырдан аяқ алып жүру мүмкін емес.  

Мәдина, Иманбекова, Тараз қаласының тұрғыны:

-Бұлар сонда бізге күліп жатыр ма? Қалай сонда мен түсінбедім? Қазбау керек еді. Менің сөзімді кесіп тастайсыңдар білем. Басымды жұлып алсада айтайын, мұның бәрі ақша ұрлау үшін істеліп жатыр.

Ескірген құбырларды жаңалау ісі шілде айында басталып, осыдан он күн бұрын аяқталуы тиіс болған. Ал, шаруаның кешеуілдеуіне Ресейден келетін құрылыс материалдарының уақытылы жетпеуі себеп екен. Енді шенділер ары кетсе үш күннің ішінде жұртты жылумен жарылқаймыз деп отыр. Осы келеңсіздік үшін елден кешірім де сұрады. 

Мамат Шакиров, Жамбыл облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:

-Бұл жұмыстарды 23 қазанға дейін бітіруге тырысамыз. Күштің бәрін салып жатырмыз, бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Тұрғындардан кешірім сұраймыз, олар түсінетін шығар. Кішкене шыдасын.

Наразы жұрттың атқамінерлердің уәдесіне сенгісі жоқ. Үш айда бітпеген істі үш күнде аяқталады дегені ақылға қонымсыз дейді. Әзірге күннің өзі тұрғындарға жылы қабақ танытып тұр. Егер күрт суытса қуырдақтың көкесі сонда болмақ. 

Соңғы жаңалықтар