Таразда құлағы мүкіс балалар мен олардың ата-аналары осындай кембағал балаларға арналған интернаттың директорынан отставкаға кетуді талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда құлағы мүкіс балалар мен олардың ата-аналары осындай кембағал балаларға арналған интернаттың директорынан отставкаға кетуді талап етуде

Таразда құлағы мүкіс балалар мен олардың ата-аналары осындай кембағал балаларға арналған интернаттың директорынан отставкаға кетуді талап етуде

Тараздағы сақау-саңырау және құлағы мүкіс балаларға арналған интернаттың тәрбиеленушілері Жамбыл облысы әкімшілігінің алдына жиналып, интернат директоры Жанна Мамашеваның қызметтен кетуін талап етуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Мамыр 2005
  • 603
Фото - Caravan.kz

Әкімшілік ғимаратының алдына плакаттар ұстаған 50-дей адам шықты.

Облыстық саңыраулар қоғамының төрайымы Наталья Скаляпованың хабарлауынша, осынау наразылық шарасына интернаттың төрт тәрбиеленушісіне қатысты оқиғалар түрткі болған. Н.Скаляпованың айтуынша, интернат директорының орынбасары кәмелеттік жасқа жетпеген балаларды №2 полиция бөлімшесіне «экскурсияға» деп апарған. Алайда, полиция бөлімшесінде «балалар соққыға жығылып, тұтқындарға арналған темір торға қамалған».
Н.Скаляпованың айтуынша, осындай қадам арқылы интернат басшылығы тәрбиленеушілерін тәртіпке шақырмақ болыпты.
Наразылық шарасына қатысушылармен пікірлесуге облыстық әкімшіліктің ішкі саясат департаментінің директоры Берік Масат пен білім беру департамнті директорының орынбасары Айман Садықова шықты. Балалардан үйді-үйлеріне тарауды өтінген олар проблеманы тыныш жағдайда шешу туралы ұсыныс жасады.
А.Садықованың айтуынша, әкімшіліктегілер болған оқиғадан хабардар. Алайда директоры қызметтен босату туралы шешім әзірге шығарылмайды. Ол үшін алдымен тексерулер жүргізу қажет, деді ол.
Төрт ата-ана мен облыстық саңыраулар қоғамының өкілі облыс әкімі орынбасарларының біріне кездесуге шақырылды.
Ал наразылық шарасына қатысушылар болса, облыс басшылығы нақты бір шешім қабылдамайынша, алаңнан кетпейміз деп мәлімдеуде.

Перейти к новостям спорта