Жарияланды: 520

Таразда құны 4,8 млрд теңгеден асатын Спорт сарайы салына бастады

Таразда сейсенбіде Спорт сарайының іргесін қалаудың ресми рәсімі өтті.

"Жобаның сметалық құны 4 млрд 876,7 млн теңге, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстары - 3 млрд 677,2 млн теңге, жабдығы - 477,6 млн теңге. Жаңа нысанға тапсырыс беруші облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы", деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен. Баспасөз қызметінен атап өткендей, 2011 жыл үшін Спорт сарайын салуға облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінген. "Жоба мемлекеттік республикалық "Госэкспертиза" кәсіпорнында мемлекеттік сараптамадан өткен. Бас жобалаушы Шымкенттің "Орталық-Азиялық жобалық-құрылыс компаниясы" ЖШС, бас мердігер астаналық "СК Құлагер" ЖШС. Құрылысты 2013 жылы аяқтау көзделген". Спорт сарайы 7,727 гектар жерге орналаспақ, алаңы 10 мың 671 шаршы метр. Спорт сарайында жалпы дене шынықтыруға және атлетикадан дайындалуға , спорттық-бал билеріне арналған залдар және волейбол, баскетбол, мини-футбол, теннис, спорт бассейні сияқты спорт ойындарына арналған залдар салынбақ. Баспасөз қызметінен атап өткендей, Таразда Спорт сарайының салынуы жаттығу процесінің сапасын жақсартуға мүмкіндік бермек, бұл облыс спортшыларының деңгейіне жақсы ықпал етпек. Тараз халқының саны 330 мың адамнан асады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть