Жарияланды: 490

Таразда сенбі күні соққан қатты желден мыңдаған тұрғын екі күн бойы жарықсыз және байланыссыз қалды - телеарна (толық нұсқасы)

Алматы. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Таразда сенбі күні соққан қатты желден мыңдаған тұрғын екі күн бойы жарықсыз және байланыссыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Желдің салдары әлі де жойылуда. "Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, өткен сенбіде қалада соққан желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жеткен", -делінген сюжетте. Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "облыс аумағында болған дауыл салдарынан Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандары мен Тараз қаласы жартылай жарықсыз қалды". Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, айталық, Таразда 93 жерде тоқ сымы үзілген. Бүгінгі күні ақауды жою жөнінде 170 топтық және 300 жеке өтініштер келіп отыр. "Жалпы қалада 31 адамнан құралған 14 бригада жұмыс істеуде", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Жарақат алғандар мен қаза тапқан ешкім жоқ, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін