Таразда студенттің жоғары оқу орнындағы бір жылдық оқуының ақшасы төленді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда студенттің жоғары оқу орнындағы бір жылдық оқуының ақшасы төленді

Таразда студенттің жоғары оқу орнындағы бір жылдық оқуының ақшасы төленді

Тараз әкімшілігі өз өміріне қауіп төнгендігіне қарамастан өрт кезінде баланы құтқарып қалған Санжар Боздықбаевтың жоғары оқу орнындағы оқуының ақшасын төлеуге қаржы тапты.

  • 3 Маусым 2011
  • 565
Фото - Caravan.kz

Студентке көмек көрсету туралы шешімді қала әкімі Бекболат Орынбеков студенттің анасымен кездескен соң қабылдады, деп хабарлады жұмада «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.

«Әкімнің қабылдауында болған жігіттің анасы баланы құтқару кезінде ұлының екі қолын сындырып алып, жұмыссыз қалғандығын, енді 4-ші курстағы оқуы үшін өз бетінше ақша төлей алмай қалғандығын айтқан», деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Жергілікті билік қажетті материалдық көмек берген демеушілерді тапты.
«Бүгін қала әкімі Санжар Боздықбаевтың тапсырмасы бойынша 150 мың теңге берілді», делінген онда.
Алдында хабарланғандай, 1-наурызда 24-жастағы С.Боздықбаев өрт кезінде 6-жастағы қыз баланы аман алып қалған. Қолындағы баламен ол 5-ші қабаттағы балкон қоршауынан өтпек болған, бірақ төмен құлап түскен. Құлаған сәтте жігіт баланы өзіне қатты қысып алғандықтан, қыз бала зардап шекпеген.
Адам құтқарғандығы үшін С.Боздықбаев ТЖМ-нің «Төтенше жағдай кезінде көрсеткен ерлігі үшін» медалімен марапатталған болатын.

Соңғы жаңалықтар