Жарияланды: 420

Таразда суға кете жаздаған адам ерекше тәсілмен құтқарылды

Тараз тұрғындары мас күйінде суға кете жаздаған азаматты ажалдан арашалап қалды. Құтқару шарасын 3 сағат бойы 70 адам жабылып жүргізген.  

Шомылуға келген Тараз тұрғыны Ахмед Мусто-Оғлының абайсызда, су бөгетіндегі екі бетонның ортасына аяғы қысылып қалған. Құтқарушылар қанша тырысқанымен көмекке зәру адамды бірден жағаға шығара алмай әуреге түсті. Тек, осы оқиғаға куә болған тұрғындардың көмегімен, Ахмед аман қалды. 70 адам Талас өзенінің ағысына қарама-қарсы тұрып, су деңгейін азайтқан. Қазір Ахмед Мусто-Оғлының жағдайы жақсы.

Қуаныш Әбілқасымов, Жамбыл облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы  бастығының орынбасары:

-Бетонға қысылған аяқтары әбден ісініп кеткен. Судың ағыны қатты болғандықтан, жоғары жақтағы шлюздерді жабуға тырыстық. Бірақ көмегі болмады. Кейін, тұрғындардын көмегімен тірі коридор жасап, аман алып қалдық.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін