Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ұры бұрын сотты болмаған 23 жастағы қала тұрғыны екені анықталды.
«Ұсталған ер адам бұл әрекетке өзінің жеке қажетін толтыру мақсатында барғанын жеткізді. Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің Ұрлық бабымен қылмыстық іс қозғалды», — деп жазылған хабарламада.
Жыл басынан бері облыста 38 ұрлық дерегі тіркеліп, былтырмен салыстырғанда 61,2%-ға азайған.
Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, өз заттарын қараусыз қалдырмауға шақырады.