Таразда төбелес кезінде оқушы қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда төбелес кезінде оқушы қаза тапты

Таразда төбелес кезінде оқушы қаза тапты

Әлеуметтік желілерде 1 қыркүйекте Таразда кәмелетке толмағандар арасында жанжал болып, салдарынан біреуі өлімге әкелген пышақ жарақатын алғ

  • 2 Қыркүйек
  • 20
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік желілерде 1 қыркүйекте Таразда кәмелетке толмағандар арасында жанжал болып, салдарынан біреуі өлімге әкелген пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Жамбыл облысы Полиция департаменті растады. Онда жасөспірімнің қаза болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы – «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

«Күдікті кәмелетке толмаған жасөспірім ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Полиция департаменті өкілдері.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, қаза тапқан бала 14 жаста болған. Сондай-ақ төбелес мектептен тыс жерде болғаны атап өтілді.

Перейти к новостям спорта