Таразда той-томалақ өткізудің ортақ ережесі бекітіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 516.93
  • 542.52
-16 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда той-томалақ өткізудің ортақ ережесі бекітіледі

Таразда той-томалақ өткізудің ортақ ережесі бекітіледі

Тойын қарызға жасайтын қазақ үшін жаңымды жаңалық.

  • 11 Желтоқсан
  • 8
Фото: glovalnews.kz

Жаңа жазылып жатқан құжатта тойдағы дастархан мәзірінен бастап, көңілді кешті басқаратын тамадаларға да талап қойылады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ысырапшылдық пен даңғазалықтың алдын алуға бағытталған бұл бастама туралы Жамбыл облысының әкімі мәлімдеді. Аймақ басшысы қоғам белсенділерімен бірлесіп жазылып жатқан құжат қоғам үшін пайдалы болады деп сендірді.

Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, Тараздықтардың күндері тоймен өтеді екен. Сондықтан жаңа стандарт бойынша тойға шақырылатын адамдар санына шектеу қойылады. Яғни 50 адамға дейін қысқарту көзделген.

Бұл бастама той шығындарын азайтып, түскен қаражатты жас жұбайлардың қажеттілігіне жұмсауға мүмкіндік береді.

«Тараз қаласы бойынша айтсам, демалыс күндері 25 мыңға жуық адам тойға барады. Сондықтан асабалар мен ақсақалдардың басын қосып, ысырапшылдықтың алдын аламыз деп шештік. Жаңа стандарттар енгізілсе, мұндай даңғазалық бітеді деп ойлаймын», — деді өңір басшысы.

Тойын қарызға жасайтын қазақ үшін Тараз әкімінің бастамасы жағымды тиді. Жаңа стандартты біртіндеп ел бойынша енгізілсе екен дейді халық. Айтуларынша тойдың түкке керегі жоқ, халық шаршады бұл шындық. Сол тойдың кесірінен қанша халқымыз қарызға белшесінен батып отырған жайы бар деп жазып жатыр пікірлерін желі қолданушылары.

«Өте дұрыс. Қолдаймын. 50-70 адамнан артық қонақ шақыруға тыйым салсын. Егер тойды екі жақ бірігіп бір той жасайтын болса, онда 100-140 адамға рұқсат берілсін», — деп пікір білдірді Сәуле Әбілдаханқызы.