Таразда жайнамазды теуіп, намаз оқыған балаларды балағаттап қуған жаттықтырушы қызметінен алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда жайнамазды теуіп, намаз оқыған балаларды балағаттап қуған жаттықтырушы қызметінен алынды

Таразда жайнамазды теуіп, намаз оқыған балаларды балағаттап қуған жаттықтырушы қызметінен алынды

Намаз оқып тұрған балаларды бөлмеден қуып, жайнамазды аяғымен тепкен жаттықтырушы жұмысынан қуылды.

  • 14 Тамыз 2018
  • 96
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ZhambylNews-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков жауапты азаматтың жазаланатынын айтты.

«Желіде тараған видеоға байланысты екі жақтан да түсініктеме алынып, жауапты азаматтар жазаланады» – деді Жүнісбеков.

Жаттықтыушы Алмат Баетов Сейтнасимұлы 1966 жылы туған. Ол жоғары санаттағы жаттықтырушы. Еңбек өтілі 33 жыл. 2011 жылдан бастап мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатында жұмыс істейді.


Видеодан
жаттықтырушының намаз оқып тұрған балаларды күштеп шығарып, жайнамазды тепкені байқалады. Оқиға Тараз қаласындағы “Атлетик” спорт кешенінде болды. Жаттықтырушының ісі педагогикалық этикаға сай болмағандықтан жұмысынан қуылды.