Жарияланды: 850

Таразда жарық диодты шам өндірісі жолға қойылды

"Энерджи Тараз" ЖШС Таразда жарық диодты шам шығаратын цехты іске қосты.

Бұл туралы “Интерфакс-Қазақстан” агенттігіне компания директоры Құрманәлі Баратов мәлімдеді. Өндірісті құруға компания 1 млн $ өз қаржысын салды. Цехтың өндіріс қуаттылығы жылына 5 мың шамды құрайды. “Бүгінгі таңа жарықпен қамтудың бұл үнемді түрлерінің бірі болып табылады. Бұл заманауи әзірленім бізге жарық диодтарының сипаттамаларын біршама жақсартуға және ең жоғары пайдалы әсер коэффициенті мен жарық берудің тамаша сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оларды пайдалану тұтынушыларға электр қуатын 60%-ға дейін үнемдеуге жол ашады. Электр қуатына баға өсімін ескерсек, жарық диодты шамдар, біздің есептеуіміз бойынша, өз құнн 2-3 жыл ішінде ақтап шығады”, - дейді ол. Компания қазақстандық рынокпен қатар, ТМД елдері мен алыс шетелдерге өнім жеткізуді жоспарлап отыр. "Энерджи Тараз" ЖШС басшысы сондай-ақ, компания люминесцент шамдарын демеркуризациялайтын цехтың да іске қослығанын мәлімдеді. “"Энерджи Тараз" ЖШС оны іске қосуға өз қаражаты есебінен 300 мың АҚШ доллар жұмсады. Бұл компанияның Жамбыл облысының және жалпы еліміздің экологиясын жақсартуға қосқан қомақты үлесі болып табылады. Цех қуаттылығы жылына бір миллиондай шамды іске жаратуға мүмкіндік береді”, - дейді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін