Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Болжам бойынша, бала үйде жалғыз қалып, балконда қамалып қалған. Жігіт үстіңгі қабаттағы пәтерге өрмелеп шығып, баланы құтқарды.
Оқырмандардың айтуы бойынша үйде ересектерден ешкім болған жоқ. Жылап жатқан баланы көрген көршілер ТЖМ шақырды. Бірақ бұл жігіт көршілердің пәтері арқылы балаға көмектесуге талпынды. Тіпті құлап кету қаупіне қарамастан тәуекелге барды. ТЖМ баланы құтқарғаннан кейін келіп жетті. Ал баланың анасы жағдай оқиға аяқталған соң барып бір-ақ білген.