Таразда жетімдер наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда жетімдер наразылық білдірді

Таразда жетімдер наразылық білдірді

Таразда жетімдер наразылық білдірді. Жергілікті билік қаржы үнемдеу мақсатында қаладағы екі балалар үйін біріктірмек болған. Бірақ бұған сонда тәрбиеленіп жатқандар үзілді-кесілді қарсы. Оларға ұстаздары да қосылып отыр. Қос мекеме қосылған жағдайда «Ұлан» үйінің жүзден аса қызметкері жұмыссыз қаламыз деп дабыл қағуда.    

  • 3 Қараша 2012
  • 497
Фото - Caravan.kz

Тараздағы жалғыз қазақ тілінде тәлім беретін «Ұлан» балалар үйі 93-ші жылы ашылған. Осы уақыт аралығында балалар үйінен жүздеген жетім түлеп ұшты. Мекеме келер жылы 20 жылдық тойға дайындалып жатқан-ды. Бірақ мерейтой сол күйі атап өтілмейтін секілді. Себебі білім басқармасы «Ұлан» үйі жабылады деген шешім шығарған.

Гүлбархан Сейсенғалиева, «Ұлан» балалар үйінің тәрбиешісі:

Халықтың алдында жиналыс жасады, ескертілді, түсіндірілді бізге. Біз ойымызды, наразылығымызды білдіруге халқымыз бар шығар, алдын алу үшін. Жабылмаса екен, балалардың жүрегі ауырмай өскен жерінде тыныш жүрсе екен. Сыртта жүрген балалар өз үйіне, отанына келіп тұрса екен деген оймен ғана.

“Ұланда” 128 қызметкер 83 баланы тәрбиелейді. Егер мекеме «Сарымолдаев» балар үйімен біріксе мұндағы 9 тәрбиешіден басқасы жұмыссыз қаламыз деп қынжылады.

Мәншүк Исақова, «Ұлан» балалар үйінің тәрбиешісі:

— Қайта ұйымдастырамыз  деп отыр, ол дегеніміз тарату екен, ол бізге екі айлық жәрдемақы береді. Ол жәрдемақыны алсақ, бізге жұмыс тауып беруге міндетті емес екен. Менің 5 балам бар, үшеуі студент. Жұмыссыз отыра алмаймын. Несием бар.

Ал Білім басқармасындағылардың бұған өз уәждері бар. Облыста жетімдер саны айтарлықтай азайған. Бүгінде екі мекемеде 200-ден астам балалар тәрбиеленіп жатыр екен. Соларды бір шаңырақ астына топтастырсақ қыруар қаржыны үнемдейміз деп отыр.


Гүлзия Зәуірбекова, Жамбыл облыстық білім басқармасы бастығының орыбасары:

Ұлан балалар үйінің орнына балабақша ашылады. Штаттық кестеге сәйкес 77 қызметкерді сонда қабылдаймыз. Қазір бұл мәселе шешімін тауып отыр. Сондай-ақ қосымша 17 қызметкерді Сарымолдаев балалар үйіне жұмысқа орналастырамыз.

Шенеуніктің бірде-бір қызметкер жұмыссыз қалмайды дегеніне, ұлардай шулаған жұрттық иланғысы жоқ. Екі мекеменің бірігуі оқушылар үшін де жайсыз болатын түрі бар. Себебі оқу жылының басталғанына екі ай өткенде, шәкірттердің жаңа мектепке, жаңа ортаға ауысуы олар үшін де оңайға соқпайтыны анық. Ал, қаулыға сәйкес 15 желтоқсан күні «Ұлан» үйі толықтай көшіріледі.

Соңғы жаңалықтар