Тараздағы орталық мешітте қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздағы орталық мешітте қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Тараздағы орталық мешітте қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Таразда Һибатулла ат-Тарази орталық мешітінің ғимаратында қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

  • 23 Маусым 2011
  • 490
Фото - Caravan.kz

Ондағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан облыс әкімі Қанат Бозымбаев, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына баса назар аударды.

Құрылыс жұмыстарын меценаттар қаржыландыруда, құрылыс жұмыстарының құны — 200 миллион теңге. Қайта жаңарту жұмыстарына тапсырыс беруші — «Көне Тараз» қоғамдық қоры, ал мердігер — «Құлагер» құрылыс компаниясының филиалы.

Қазір мешіттің терезелерін витраждарға ауыстыру, қабырға мен мұнараларды мәрмәр таспен қаптау, күзбездердің жабындарын ауыстыру жұмыстарын жүргізілуде. Ішкі жұмыстармен қоса, жылу жүйесін жөндеу, еденді ауыстыру жұмыстары жоспарланып отыр.

ТТараз мечетьараздың бас мешітінің іргетасы 2003 жылы Елбасының Таразға жұмыс сапарының барысында қаланғанымен, құрылысы 2008 жылы аяқталды. Құрылыстың сметалық құны — 533 миллион теңгені құрады және қаражат әрең табылды. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Бас муфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі өңірге сапармен келіп, осы проблемаға өкіметтің назарын аударғаннан кейін ғана, іс алға басты. Мешіттің құрылысын аяқтау үшін «Әулие-Ата» корпоративтік қоры құрылып, оған облыс тұрғындары ақша аударды.

«Бірақ сонда да қаражат жетпеді. Қаржының жетіспеушілігінен, мешіт онша көз тартпай тұрды. Сондықтан да биыл оның сыртқы көрінісін мәртебесіне сәйкестендіру туралы шешім қабылдадық»,- дейді орталық мешіттің бас имамы Данияр Жұмабаев.

Бас имамның айтуынша, бұл жұмыстар демеушілердің қаржысына атқарылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар