Тараздағы сұмдық: оқушы қыздың зорлануына қатысты тың деректер шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздағы сұмдық: оқушы қыздың зорлануына қатысты тың деректер шықты

Тараздағы сұмдық: оқушы қыздың зорлануына қатысты тың деректер шықты

Қызды зорлады деген күдікті адам қылмыс жасамас бұрын бір сағат бойы мектеп аумағында жүрген. Бөтен ер адамға ешкім көңіл аудармапты

  • 20 Қараша 2019
  • 125
Фото - Caravan.kz

Таразда мектеп аумағындағы дәретханада жетінші сынып оқушысының зорлану ісіне қатысты тың деректер шықты.

Полиция мәліметінше, күдікті 19 жыл бұрын зорлық-зомбылық жасағаны үшін төрт жыл түрмеде отырып шығыпты.

"Бұл күдікті он жеті жасында зорлық жасағаны үшін сотталған екен. Ол төрт жыл бойы жазасын колонияда, бір жылын шартты түрде өтеген", — деген Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Арман Оразәлиевтің сөзін КТК телеарнасы жария етті.

Мектеп аумағында орнатылған бейнебақылау камераларына белгісіз ер адамның оқу орны маңында бір сағаттай жүргені түсіп қалған. Оған ешкім назар аудармапты.

Қазір 38 жастағы күдікті тергеу абақтысында отыр.

"Бұл тұста үлкен жауапкершіліктің бар екені анық. Мектеп басшысынан педагогтарға дейін жауапты. Сол себептен бүгінгі күні бес педагог қызметінен босатылды", — деп түсініктеме берді Жамбыл облысы білім басқармасының бөлім басшысы Гүлзира Дәрібаева.

Жаппай жұмыстан шығарылғандар қатарында мектеп директоры, қызды сабақтан жіберген мұғалім, кезекші ұстаз, вахташы мен оқу ісінің меңгерушісі бар.

Бұған қоса, мектеп инспекторы қызметінен босатылды, деп хабарлады "Астана" телеарнасы полиция департаментінің басшысы Арман Оразәлиевке сілтеме жасай отырып.


БАҚ мәліметінше, қазір зардап шеккен қыз ауруханада жатыр. Онымен психолог мамандар жұмыс істеуде.

Жетінші сынып оқушысын зорлау ісі

Сұмдық жағдай туралы жақында белгілі болды. Он екі жастағы жетінші сынып оқушысы Тараз мектептерінің бірінің аумағындағы дәретханада зорлық көрді.

Оқиға жайлы жария болғаннан кейін қыздың ата-анасы мектеп басшылығын жазалауды талап етті. Олар мектеп әжетханасы дұрыс істемегенін және оқу орны аумағындағы бөтен адамға ешкім назар аудармағанын айтып, наразылығын білдірді.

Одан кейін мектептің педагог қызметкерлерінің жаппай жұмыстан шығарылғаны туралы белгілі болды.

Nur Otan білім басқармасының басшылығын да жазалауды талап етті. Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін Жамбыл облысы мектептері аумағындағы дәретханаларды жою мәселесі көтеріліпті.

"Біздің көзімізше бірнеше мектептің ауласындағы әжетхана бұзылды. Одан кейін қалған нысандар да жойылады деп есеп берілді. Бірақ олар тек көзбояушылық жасаған екен. Біз орындаушыларды емес, білім басқармасының басшысын жауапқа тарту мәселесін қоямыз", — деді кеңес төрағасының орынбасары Динара Зәкиева.

Қазіргі таңда кеңестің сарапшылар тобы бірқатар проблема анықталған Алматының 151 нысанын тексеру жұмысының қорытындысын шығаруда.

 

Соңғы жаңалықтар