Бұл туралы Twitter желісіндегі Flightradar24 аккаунтында хабарланған, деп жазады Tengrinews.kz.
Ұшақ біраз уақыт бойы Худжанд әуежайының маңында айналып жүрген. "Әуеде айналып жүр. Қызық екен", — деп жазған БАҚ-тар. Мәскеудің Домодедово әуежайының онлайн-кестесіндегі мәліметтерге қарағанда, TJK645 рейсі Мәскеуге жергілікті уақыт бойынша 9 наурызда сағат 21.25-те ұшып келуі керек болған.
Радио Озоди басылымының мәліметінше, ұшақ Худжанд маңында екі сағаттай айналып жүрген. Осылайша, төтенше жағдайға байланысты ұшақ Худжанд әуежайына қонған. "Барлығы дұрыс. 140 жолаушы мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ", — делінген басылымда.
Сондай-ақ, осы жағдайың куәгері басылымға сол кезде әуежайда төтенше жағдай жарияланып, сонда құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жедел жәрдем көліктерінің келгенін айтып өтті.
Айта кетейік, төтенше жағдайдың себептері әзірге белгісіз.