Тараздың бас алаңында әлеуметік аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жаңа жылдық қойылымдар көрсетіліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздың бас алаңында әлеуметік аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жаңа жылдық қойылымдар көрсетіліп жатыр

Тараздың бас алаңында әлеуметік аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жаңа жылдық қойылымдар көрсетіліп жатыр

Тараздың бас алаңында желтоқсан айының әр күнінде дерлік әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жаңа жылдық қойылымдар қойылып жатыр, деп хабарлайды Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 24 Желтоқсан 2010
  • 830
Фото - Caravan.kz

Қалалық әкімшілік қаладағы бас шыршаның алдында жаңа жылдық бағдарлама ұйымдастырып, әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардың балаларына, балалар үйіндегі бүлдіршіндер мен мүгедек балалар ұйымындағы кемтар балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.

Сонымен қатар химиялық кенттің Мәдениет үйінде Чернобыль апатының зардабын жоюға ат салысқан адамдардың және Семей ядролық палигонында әскери борышын өтеген азаматтардың 130 баласы шақырылды.

Мереке мен қысқы демалыс алдында қала тұрғындары тойдың басталуын күтіп жүр. 25 желтоқсан күні «Баласұғын» концерттік залында «Қала әкімінің шыршасы» өтпек, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Перейти к новостям спорта