Тараздық жас бойжеткен неліктен қос аяғын сындырып, 10 см ұзартқысы келеді (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздық жас бойжеткен неліктен қос аяғын сындырып, 10 см ұзартқысы келеді (ВИДЕО)

Тараздық жас бойжеткен неліктен қос аяғын сындырып, 10 см ұзартқысы келеді (ВИДЕО)

Бойы тым қысқа тараздық Ғазиза Сарман қос аяғын сындырып, 10 см ұзартқысы келеді.

  • 15 Қыркүйек 2020
  • 617
Фото - Caravan.kz

Себебі ол сирек кездесетін «Шершевский-Тернер» синдромына шалдыққан. Бойы бір тұтам қыздың жасы жиырма алтыда. Бұрын-сонды отбасында мұндай дертпен ешкім ауырмаған. «Сирек синдром уран өндіретін зауытта жұмыс істегенімнен болуы мүмкін» деп тұспалдайды анасы.

Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ток-шоуында айтылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бойы 1,39 см болатын Ғазиза 5 жасқа дейін қалыпты өскен. Ал одан соң дерт белгілері байқала бастаған. Бүгінде 26 жасқа келген бойжеткен ала бойынан қысылады және өсіргісі келеді. Бірақ дәрігерлердің пайымдауынша сүйектің өсуі 24 жаста тоқтайды, яғни әлдеқашан тежелген. Дегенмен Бішкектегі мамандар Ғазизаның бойын қос аяғын сындыру арқылы 10 см өсіруге болады дейді. Құны 20 мың АҚШ доллары тұрады. Әйтседе Бубнов аппараты 

арқылы сүйекті созу тәсілі тым қауіпті. Себебі, ота сәтсіз болса Ғазиза өздігінен жүре алмай қалуы мүмкін екен. Бұған қоса денедегі тепеңдік бұзылады.


Соған қарамастан жас қыз сүйген сындырып, аяғын ұзартқысы келеді.

 

Соңғы жаңалықтар