Тараздық жүргізуші жантүршігерлік апаттан аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздық жүргізуші жантүршігерлік апаттан аман қалды

Тараздық жүргізуші жантүршігерлік апаттан аман қалды

Тараз тұрғыны көлігімен қаланың орталық көшесімен қатты жылдамдықпен жүйіткіген бойда, жол жиегіндегі бірнеше машинаны соққан. Құдай сақтағанда ажал құшқандары жоқ. Ал оқиғаға себепкер болған азамат жеңіл жарақат алыпты.

  • 27 Қараша 2015
  • 150
Фото - Caravan.kz

Көлік бірден өртеніп кетті. Жақын маңдағы түнгі клубтан шыққан бір топ жігіт жүргізушіні салоннан әзер шығарған. Ал лапылдап жанған машинаны мамандар келіп сөндірді. Көліктердің бірінің үстіне бірі шығып кетуіне қарағанда соққы жойқын болса керек. Апатқа кінәлі азаматтың ішімдік ішпегені анықталды. Болжам бойынша, ол машинасының доңғалағы жарылып, рөлге ие бола алмай қалған.

Соңғы жаңалықтар