Көлік бірден өртеніп кетті. Жақын маңдағы түнгі клубтан шыққан бір топ жігіт жүргізушіні салоннан әзер шығарған. Ал лапылдап жанған машинаны мамандар келіп сөндірді. Көліктердің бірінің үстіне бірі шығып кетуіне қарағанда соққы жойқын болса керек. Апатқа кінәлі азаматтың ішімдік ішпегені анықталды. Болжам бойынша, ол машинасының доңғалағы жарылып, рөлге ие бола алмай қалған.