Суық судың әрбір текше метріне 25 теңгеден төлейтіндері жайында ешкім ескермепті. Аңғал халық судың не себептен қымбаттағанын анықтауға да тырыспаған. Қаңтар айыннан бастап берешекте көрсетілген соманы үндемей төлеп келген.
Зейне Оразбақова, Тараз қаласының тұрғыны:
— Қымбаттаған, оны біз білмейміз, түбіртек келеді, төлей береміз. Не теледидаран айтқызбайды, мүлдем хабарсызбыз.
Наталья Федорова -Тараз қаласының тұрғыны:
— Біз сияқты зейнеткерлерді әлі де алдайтын болады. Қазір шілде айынан суық су 16 теңгеге төмендетіледі. Ал бұлар бұрынғы бағамен түбіртектерді жібере бере ме деп қорқамыз.
«Тараз-Су» мекемесі басшысының айтар уәжі біреу: электр қуаты мен жанармай бағасы қымбаттағаннан кейін осындай шешім шығарған.
Төлеухан Оспанбеков, «Тараз-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директоры:
— Қаланы ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған мекеме, қазір кәрізін жасап жатырмыз. Бұл тарау керек пе? Тариф жетпесе, тарифпен күн көреміз ғой…
Бұл істің салдарынан инвестициялық бағдарламаның 24 миллион теңгесі игерілмей қалғаны анықталды. Жергілікті прокуратура «Тараз-Су» кәсіпорнына әкімшілік іс қозғаған.
Бекзат Сейілханов, Облыстық прокуратураның басқармабастығының орынбасары:
— Инвестициялық бағдарламаны орындауға тарифтік сметамен қарастырылған қаражаттарды мақсатсыз пайдалану жайттары анықталды. 7 млн 381 мың теңгеге алынған машиналар тек 3 млн 593 мың теңгеге ғана алынғандығын растайтын құжаттар тіркелген.
Бұдан бөлек, көше бойындағы су құбырларын жаңарту ісінде де шикіліктер шыққан.
«Тараз-Су» бастаған тағы бір тірліктің арты «сиырқұйымшақтанып» кетеді дегенді айтады тұрғындар. Абай көшесінде басталған (айтуынша ең ірі, басты көшесі) жөндеу жұмыстарының тоқтап тұрғанына бір апта болған. Уәдені үйіп-төгіп беретін мамандар мұндағы жұмыстарды екі айда бітіруі тиіс. Алайда тиянақталып жатқан тірліктін түрін байқамайсын.