Тарбағатай-Мұнай» 100 жұмысшыны оңтайландыру шаралары мақсатында қысқартты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тарбағатай-Мұнай» 100 жұмысшыны оңтайландыру шаралары мақсатында қысқартты

Тарбағатай-Мұнай» 100 жұмысшыны оңтайландыру шаралары мақсатында қысқартты

"Тарбағатай Мұнай" ЖШС оңтайландыру бағдарламасы аясында 100-ге жуық қызметкерін қысқартпақ, ШҚО басшылығы олардың басым бөлігіне жұмыс тауып беруге уәде етіп отыр.

  • 26 Қыркүйек 2014
  • 547
Фото - Caravan.kz

"Бір ай бұрын "Тарбағатай Мұнай" басшылығы қысқартылатын қызметкерлерді шақырып сөйлескен. Қытай жағы бөлетін инвестициялардың қысқартылуына орай оңтайландыру жүріп жатыр. Оларға басқа жұмыс ұсынылды. 100 қызметкердің бәріне, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысының 65 тұрғынына үш айлық жәрдемақы берілді," деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Астанада жұмада баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанның энергетика министрлігі қытай жағымен инвестиция көлемін азайтпау және тоқтатпау жайында келіссөздер жүргізіп отыр. "Бұл мәселе шешілгенде, бүкіл қызметкерлер жұмыстарына шығады, шешілмеген жағдайда біз жұмыс тауып береміз", деді әкім.

"Зайсанда жұмыс орын көп, сонда орналастыра аламыз. Бірақ олардың жалақысы біз ұсынып отырғаннан анағұрлым жоғары болған, мәселе сонда, бұл жәйтті бақылауға алып отырмыз", деді ол.