"Роликте педагогтың балаларға асқан қаталдықпен қарайтыны анық көрініп тұр. Тәрбиеші айғайлап сөйлеп, бір баланы жұлқылайды және ұрады. Оның сөйлеу мәнеріне қарап, бүлдіршіндерді әскерге дайындап жатыр-ау деп қаласыз" дейді видеоны ғаламторға салған адам.
Taikonur Sozak облыстық ішкі істер департаменті мен аудандық білім бөлімінен осы видеоға байланысты тексеру жүргізуін өтініпті. "Директор Лала Шәмшиевна болған жағдайды біледі. Бірақ шара қолданбай отыр. Мұнда педагогтардың балаларға осылай дөңайбат көрсетуі бірінші рет емес" делінген Youtube-тегі жазбада.