Гимнаст Нариман Құрбановтың болашақ қалыңдығы неке жүзігін күтіп жүргенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гимнаст Нариман Құрбановтың болашақ қалыңдығы неке жүзігін күтіп жүргенін айтты

Гимнаст Нариман Құрбановтың болашақ қалыңдығы неке жүзігін күтіп жүргенін айтты

Нариман Құрбанов үйленген соң да спортты жалғастырып, алтын алудан үмітті.

  • 5 Тамыз
  • 15
Фото: әлеуметтік желіден алынған

Спорттық гимнастикадан Қазақстан қоржынына Олимпиаданың тарихи медалін салған Нариман Құрбанов алдағы жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы «1Bol» арнасы жазды.

Спортшы енді отбасын құрмақ. Сүйіктісіне төртжылдықтың бас додасында мақсатына қол жеткізіп, шаңырақ құратынын айтып уәде берген екен.

«Медальді сезініп үлгерген жоқпын. Елге оралып, спорттық гимнастикаға қатысы бар адамдардың қолдауын, құттықтауын көргенде барып түсінетін шығармын. Ең алдымен үйленемін. Сүйіктім әбден күтті. Аидаға үш жылдан бері Олимпиада ойындары аяқталған бойда отау құрамыз деп уәде беріп келдім. Бұйыртса, сол уәдемді орындаймын», — деді Нариман.

Құрбанов спорттық карьерасын да жалғастырмақ, алдағы олимпиадалық циклде алтынға қол жеткізу мүмкіндігі жоғары екенін де қоса кетті.

«Мені алда күтіп тұрған келесі олимпиадалық цикл — 26 жастан 30 жасқа дейінгі аралық атта жұмыс істейтін гимнаст үшін шың саналады, сондықтан алтын медаль алуға мүмкіндік жоғары», — деді ол.

Сүйіктісі — Аида Бауыржанова да өзімен бірге өнер көрсетіп жүрген гимнаст.

Ол Instagram парақшасында «Жүзік күтемін», — деп жазып, жауап берген.

Айта кетейік, Өзбекстанның Ташкент қаласында спорт гимнастикасынан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан тұңғыш рет жүлде алды. Соңғы жарыс күнінде Аида Бауыржанова қола медальге ие болды. Ол еркін жаттығудан 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енді. Спортшы Филиппин мен Қытай спортшыларын ғана алға жіберді. 

Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасына іріктеуден өте алмады.