Ғалым Моңғолияда дүниеге келген. Моңғолия мемлекеттік университетін, Мәскеу қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1975 – 87 жылдары Моңғолия кәсіподағы орталық комитетінің хатшысы, 1990 – 92 жылдары Моңғолия үкіметі басшысының орынбасары және Моңғолия парламенті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
1994 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Моңғолиядағы қазақтардың өмірі туралы бірнеше еңбек жазған.
Ғалымды соңғы сапарға шығарып салу 24 қарашада Алматыда өтеді.