Тарихта тұңғыш рет Интерпол президенті болып әйел сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тарихта тұңғыш рет Интерпол президенті болып әйел сайланды

Тарихта тұңғыш рет Интерпол президенті болып әйел сайланды

Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының (Интерполдың) жаңа президенті болып француз әйелі Мирей Балестраззи сайланды, деп хабарланды ұйымның баспасөз қызметінен.

  • 9 Қараша 2012
  • 407
Фото - Caravan.kz

«Франция тумасы Мирей Балестраззи Интерпол президенті болып сайланған алғашқы әйел болып отыр», — делінген ұйымның Twitter-дегі ресми парақшасында.

Бұған дейін 58 жастағы Балестраззи Еуропа бойынша Интерпол атқарушы комитетінің вице-президенті лауазымында болды. 1975 жылдан бастап француз полициясының комиссары болып қызмет етті, ал 1990 жылдары француздық Корсикада қылмыстық полицияны басқарды.

Францияның ішкі істер министрі Манюэль Вальстің сөзіне қарағанда, «ол француз полициясы мақтан тұтатын әйелдердің бірі».

Соңғы жаңалықтар