Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қалжыңдап тұрсыз ба? "Борат" — Қазақстан халқын ашық түрде қорлайтын тарихтағы ең нәсілшіл фильм. Көптеген адамдар контекстен тыс сөздерді дұрыс қолданбағаны үшін көпшілік алдында жазаланады. Одан не пайда? Солшылдардың барлығы Саша Барон Коэнді және фильм авторларын Джулианиді (Дональд Трамптың жеке адвокат- ред.) сынағаны үшін алып тастай ма?
Мен "Борат – пародия", "Жамандама" және т.б. деп жазғандардың барлығын бұғаттадым. Ия, бұның пародия екенін білемін. Бірақ мені "пародиялардың" қос стандарттары көбірек алаңдатады. Егер нәсілшіл әзілдер (ал шын мәнінде қорлау) кейбіреулеге бар ал кейбіреулерге жоқ болып көрінсе, онда бұл нәсілшілдіктің ең сорақы түрі.
Мен Қазақстанда бірнеше рет болдым. Әр жолы жергілікті тұрғындар бұл мәселені көтеріп, Боратты елдің шынайы өкілі емес екенін, әділетсіздік екенін, фильмнің көп зиян келтіргенін айтады. Бірде Марат есімді жүргізушіні қателесіп Борат деп атап қалдым. Оның қандай реакция танытқанын көрсеңіз", — деп қорытындылады Нассим Николас Талеб желідегі парақшасында.
Нассим Николас Талеб — американдық эссеист, жазушы, статист және бұрынғы трейдер.