Caravan Logo

Тәркіленген 26 мың литр этил спирті Қызылорда облысындағы емдеу мекемелеріне таратылады

Тәркіленген 26 мың литр этил спирті Қызылорда облысындағы емдеу мекемелеріне таратылады

Осыншама спиртті қаржы полициясы департаменті, салық комитеті мен борышты банкрот кәсіпорындармен жұмыс істеу жөніндегі облыстық басқармалары мемлекеттік кіріс есебінде тәркілеген көрінеді.

ҚР қаржы министрлігі тәркіленген спиртті емдеу мекемелеріне таратуға рұқсат
берген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының төрайымы Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бұл - уақытын тапқан тарту болды.