Жарияланды: 730

«Тәртіп» АҚ 26 балаға «Алма-Арасан» шипажайына жолдама сыйлады

Бүгін Алматы қаласындағы «Тәртіп» акционерлік қоғамы ұйым қызметкерлерінің балаларына арнап мереке өткізді. Оған 12 жасқа дейінгі 50-ге жуық бала жиналды.

«Арнайы шақырылған ертегі кейіпкерлері оларды «Кариб теңізінің қарақшылары» атты сиқырлы ертегі әлеміне саяхат жасатты. Онда белсенділік көрсеткен бүлдіршіндер Кариб теңізінің ойыншықтары мен балмұздақтарына қарық болды. Теңіз қарақшылары болып байлық іздеу балаларға ұнап қалғаны сондай, олар уақыттың тез өтіп кеткенін байқамай да қалды. Ал саяхат соңында үздік шыққан 26 балаға кәсіподақ төрайымы «Алма- Арасан» шипажайыны жолдама тапсырды. Олар енді 10 күн бойы сауықтыру лагерінде алаңсыз дем алатын болады", - дейді "Тәртіп" АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметкері Жанар Жақанбаева. "Бүгінгі мереке біздің де көңілімізден шығуда. Балаларымыздың жүзіне ұялаған әдемі күлкіні көріп, ата-ана ретінде өзімізді бақытты сезінудеміз. Мерекелердің бірде-біреуін қалт жібермей, жоғары деңгейде аталып өтілуіне септігін тигізіп жүрген мекеме басшылығына алғысымыз шексіз", - дейді өз қуанышымен бөліскен ұйым қызметкері Жанар Райымқұлова. Қарамағымыздағы 600-ден астам қызметкерлерімізге барлық жағынан көмек беруге дайынбыз. Әсіресе әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көп көңіл бөлеміз. Жаз бойы өзге балаларға да «Алма-Арасан» шипажайына жолдама берілмек", - дейді Кәсіподақ ұйымының төрайымы Шырынгүл Сатвалдинова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть