Полиция ақпаратына сәйкес, 25-тамыз күні таңертең Алматы-Бішкек тас жолының 13-шақырымында Алматы қалалық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының, жол полициясы басқармасының және кинологиялық қызметтің қызметкерлері
«ВАЗ-2105» автокөлігін тоқтатып тінту барысында марихуана салынған қаптар табылды.
Бұған дейін де есірткі сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған автокөлік қожайыны, Алматы тұрғыны көлігімен есірткі әкеле жатқанын жоққа шығармаған. Бірақ ол осыншама есірткіні тұтыну үшін әкеле жатырмын дегенді алға тартқан.
Тәртіп сақшылары әлгінің есірткіні Шу аңғарында үш бойы жинағанын анықтады. Есірткіні қауындардың астына жасырған 33 жастағы тұрғын түн қараңғысын жамылып қалаға кірмек болған.
Одан айғақзаттар алынып, қылмыстық іс қозғалды.