Полицияның ақпаратына сәйкес, «Роял Петрол» жанармай тарату бекетінің аумағында үнпарақтар таратып жүрген ер адам ұсталды. Ол биылғы жылы осындай қылмысы үшін екі мәрте ұсталған болатын. Еркектен 280 үнпарақ тәркіленді. Үнпарақтардың экстремистік мазмұнын айқындау үшін теологиялық сараптама белгіленді.
Әлеуметтік, ұлттық, руаралық, нәсілдік немесе діни араздық туғызғаны үшін, сондай-ақ, заңсыз қоғамдық бірлестіктердің іс-қызметіне қатысқаны үшін жауапкершілік қарастырылатын қылмыс белгілеріне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті