Полицияның түсініктемесіне сәйкес, сәрсенбі күні кешке “Әйгерім” ықшам ауданында 1,8 килограмм гашиш пен 61 грамм марихуана сатпақшы болған 32 жастағы жігіт ұсталды.
Полиция есірткінің сатып алынған арналарын анықтамақшы.
Күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды.
Жалпы өткен тәулікте Алматыда 24 қылмыс тіркелді, оның екеуі заңсыз есірткі айналымына қатысты.