Полицияның ақпаратына сәйкес, 35 жастағы күдікті бір қызды 4 мың теңгеге тән қызметін көрсету үшін жеткізіп берген кезде қолға түсті. «Тұтқын ресми түрде жұмыссыз деп есептеледі. Ал тіршілік етуге қажетті ақшаны жеңгетайлық жолымен тауып келген»,- деп хабарлайды полиция. Жеңгетайдың үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.
ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, департамент басшысының нұсқауымен 20-қыркүйектен бастап Екібастұзда «жезөкшелікпен шұғылдану үшін жынойнақ орындарын ұстауға және жеңгетайлыққа тосқауыл қою, қаладағы оперативтік ахуалды сауықтыру, тән сату саласындағы қылмыстың бетін ашу мен олардың алдын алу мақсатымен» «Жеңгетай-2006» атты шұғыл шара өткізілуде.
Қалада ол үшін мобильді топтар құрылды. «Әйелдерді жезөкшелікке итермелеп жүргендерді және жынойнақ орындарын ұстаушыларды анықтау үшін біздің қызметкерлер тұрақты рейдтер өткізіп тұрады»,- дейді ІІД.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті