Василий Гриценконың айтуынша, «Ертістрансойл» ЖШС-де психотроптық заттарды есепке алу және сақтау тәртіптерін өрескел бұзу оқиғалары әшкереленген. «Кәсіпорын басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- деді ол.
Инспектордың айтуынша, кәсіпорындағы тексеру «Транзитті тасымал» атты республикалық шұғыл-профилактикалық шараның аясында жүргізілген. «Шараның мақсаты — есірткі дайындауда пайдаланылатын заттарды, басқаша айтқанда, прекурсорларды, мәселен, тұз және күкірт қышқылы, сірке суы ангидриді сынды заттарды шығарумен шұғылданатын кәсіпорындарды тексеруге саяды»,- деді В.Гриценко. «Тәжірибе көрсеткендей, бұл категорияға жататын кәсіпорындар бір сәттік пайданы көздеп, технологияда қарастырылған қауіпті заттарды есепке алу және сақтау тәртіптерін қасақана ескермейді»,- дейді маман.