Тәртіп сақшылары Қаскелең тұрғынынан 60 кило марихуана тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәртіп сақшылары Қаскелең тұрғынынан 60 кило марихуана тәркіледі

Тәртіп сақшылары Қаскелең тұрғынынан 60 кило марихуана тәркіледі

Алматы облысы Қаскелең қаласындағы бір үйдің мал қорасынан тәртіп сақшылары 60 кило марихуана тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Наурыз 2005
  • 355
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық ІІБ-ның ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері екі сөмкеге салынған төрт бума марихуана тауып алды.

Тергеу барысында есірткінің иесі — 28 жастағы Қаскелең тұрғыны екені және оның бұрын да істі болғаны анықталды. Тергеу барысында ол есірткіні тұтыну үшін Алматыдағы «Тастақ» базарынан сатып алғанын хабарлаған.
Тұтқын Қарасай аудандық ІІБ-ның уақытша тергеу қапасына қамалды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта