Тәртіп сақшылары Тараз тұрғынынан 475 килограмм марихуана тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәртіп сақшылары Тараз тұрғынынан 475 килограмм марихуана тәркіледі

Тәртіп сақшылары Тараз тұрғынынан 475 килограмм марихуана тәркіледі

Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің есірткі саудасымен күрес бөлімінің қызметкерлері Тараз тұрғынынан 475 килограмм марихуана тәркіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 12-қыркүйекте ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қыркүйек 2005
  • 308
Фото - Caravan.kz



41 жастағы еркек Жамбыл облысы Шу ауданы Құмөзек бекетінің маңында қолға түсті.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сонымен бірге, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылындағы бір үйден қылмыстық полиция қызметкерлері шұғыл шаралар барысында 44 жастағы еркектің заттарының арасынан 140,1 грамм апиын тапты.
Бұл екеуі де уақытша тергеу қапасына қамалып, аталмыш деректерге байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта