Тәртіп сақшылары жанармайы қатып, жолда қалған Венгрия азаматын аяз құрсауынан аман алып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәртіп сақшылары жанармайы қатып, жолда қалған Венгрия азаматын аяз құрсауынан аман алып қалды

Тәртіп сақшылары жанармайы қатып, жолда қалған Венгрия азаматын аяз құрсауынан аман алып қалды

Петропавлдық тәртіп сақшылары жанармайы қатып, жолда қалған Венгрия азаматын аяз құрсауынан аман алып қалды. Алматыдан Италияға жол тартқан жүк көлігінің жүргізушісі патрульдік көлікте жол сақшыларымен бірге түнеп шықты. 

  • 9 Қараша 2012
  • 530
Фото - Caravan.kz

Венгр азаматы мінген жүк көлігі кешқұрым Петропавлға 20 шақырым жетпей жолда қалған. Астана қаласында құйып алған жазғы жанармайы арқаның қысына шыдамапты. Өйткені кеше түнде Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы 20 градусқа дейін күрт төмендеді. Жолда тұрған көлікті сол маңда кезекшілік атқарып жүрген патрульдік полиция қызметкерлері байқаған. Тәртіп сақшылары көлік жанармайын таңға дейін қыздыруға әрекеттенген, бірақ одан түк шықпапты.


Рүстем Боранбаев, СҚО ІІД ЖПБ  инспекторы: 

— Түні бойы қасында тұрдық, біздің көлікте шопыр отырды, тамақ бердік,  шай бердік, қазір көлікті Бішкүл қаласына апарамыз, жылы боксқа, сосын  қысқы солярка құямыз, ол үйге барады Венгрияға.

Соңғы жаңалықтар