Тәртіп сақшыларын өлтірді деген күдіктілерді ұстау кезінде арнайы жасақ жауынгері қаза болды, тағы үшеуі жарақат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәртіп сақшыларын өлтірді деген күдіктілерді ұстау кезінде арнайы жасақ жауынгері қаза болды, тағы үшеуі жарақат алды

Тәртіп сақшыларын өлтірді деген күдіктілерді ұстау кезінде арнайы жасақ жауынгері қаза болды, тағы үшеуі жарақат алды

Ақтөбе облысында тәртіп сақшыларын өлтірді деген күдіктілерді ұстау кезінде арнайы жасақ жауынгері қаза болды, тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлады ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев.

  • 4 Шiлде 2011
  • 510
Фото - Caravan.kz

«Арнайы жасақ жауынгері 35жастағыРуслан Жолдыбаев2 шілдеде арнайы операция барысында қаза болды. Қазіргі уақытта арнайы жасақ жауынгерінің қандай жағдайда өлтірілгені анықталып жатыр», — деп мәлім етті А. Иманғалиев өткен жексенбі күні брифингте.

Оның айтуынша, арнайы мақсаттағы жасақтың жарақат алған үш жауынгері Ақтөбенің жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Олардың ахуалы тұрақты деп бағаланып отыр.

Еске сала кетейік, 30 маусымда сағат 20 шамасында Темір АІІБ Кеңқияқ полиция тірек бекетінің патрульдік-бекеттік қызметінің сержанттары Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбаев УАЗ көлігімен Темір ауданының Шұбаршы ауылында патрульдеу кезегіне кіріскен.

«4 сағат өтпей жатып Шұбаршы ауылындағы тірек бекетіне Mitsubishi Delica көлігімен белгісіз біреулер келген. Олар қызметтік көлікке белгісіз қарудан оқ жаудырып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Осының нәтижесінде Н. Алпысбай мен А. Боранбаев оқиға орнында көз жұмды.

Тәртіп сақшыларын өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 96 б. 2 б. «екі және одан да көп кісіні өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар