Тәртіп сақшыларының тінтуіне қарсы шыққан түрмедегілер бүлік шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәртіп сақшыларының тінтуіне қарсы шыққан түрмедегілер бүлік шығарды

Тәртіп сақшыларының тінтуіне қарсы шыққан түрмедегілер бүлік шығарды

Ақтөбедегі КА 168/2 түрмесінде бүлік шықты. Жазасын өтеп жатқандар тәртіп сақшыларының тыйым салған заттарды тінтуіне қарсы бас көтерген. Жаппай белең алған тәртіпсіздікті басу үшін түрме басшылығына ішкі әскер көмегіне жүгінуге тура келіпті. Әйтсе де колонияның алдына жиналған туыстары күш көрсетті деп түрме басшылығын айыптап отыр.

  • 12 Қараша 2013
  • 447
Фото - Caravan.kz

Ұрып жатыр, соғыпж атыр дегесін келдік. Неге көрсетпейсіңдер. Осы жерде өліп қалсақ сендер жауап бересіңдер!

Түзеу мекемесінің аймағын полиция қызметкерлері қазір толықтай қоршауға алып, тірі жанды өткізбей тұр. Алайда жазасын өтеп жатқан туыстарынан хабар алмақ болғандарға ол да бөгет бола алмауда. Тіпті тәртіпке бағынбай қоршауды бұзып өткісі келгендерді тәртіп сақшылары қуып әлек.

168/2 түзеу мекемесінде жаппай тәртіпсіздік басталғанына екі күннен асқан. Түрмедегілердің туыстарының айтуынша,темір тордағы тәртіпке наразылық білдіргендердің аптығын басу үшін ондағылар ішкі әскерді шақыртып, күш көрсеткен көрінеді.

Алмагүл Амангелдиева, жазасын өтеушінің анасы:

— Ұрып-соғып жатыр дегенді естіп келдік. Енді балдарымызды көрейік көзімізбен десек, бағанадан бері болады деп тұрды да, осы тұрғанда болмайды деп тұр. Балдарымыз таяқ жеп осы тұрғанда жүре алмай, тұра алмай жатыр. Көрсетпей отыр. Әдейі істеп отыр.

Қазір мұнда мыңнан астам қылмыскер жазасын өтеуде. Қылмыстық атқару жүйесінің басшыларының айтуынша, заңсыз заттарды тәркілеу бойынша жоспарлы шара өткізген. Бұл тінтуге қырыққа жуық адам қарсы шығыпты.


Мирболат Көпесов, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Ақтөбе облыстық департаменті бастының орынбасары:

— Тумалары оларды да түсінуге болады, қысқа мерзімдегі кездесуге кіргіздік. Біздің қызметкерлер, прокуратура қызметкерлері шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл мекені күзететін, қадағалайтын бұлар ішкі әскер қызметкерлері. Олар бізбен бірге жұмыс істейді. Одан басқа ештеңе тартылған жоқ.

Мекеме басшыларының айтуынша, бірнеше адам тінтуге бағынғысы келмеген, бірақ оларға күш көрсетілмепті. Қазір мұнда тексеру шаралары әлі  жалғасып жатыр.

Түрме ішінде болып жатқанның жоспарлы шара екеніне сенбеген  сотталғандардың туыстары арнайы комиссия құрып, колониядағы жағдаймен таныстырмайтын болса орталық даңғылды жауып тастаймыз деп отыр. Әйтсе де қазір түзету мекемесі алдында тәртіпке бағынбағандар әкімшілік жазаға тартылуда. Өйткені олар қоршауды бұзып өтпек болған екен.