"Тартып алып тұрамын": Сәкен Майғазиев ұлының киімін киетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тартып алып тұрамын": Сәкен Майғазиев ұлының киімін киетінін айтты

"Тартып алып тұрамын": Сәкен Майғазиев ұлының киімін киетінін айтты

 

  • 2 Шiлде 2019
  • 120
Фото - Caravan.kz

Сәкен Майғазиев ұлының киімін киетінін айтты, деп хабарлайдыStan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, ұлы екеуі бір-бірінің киімін кие беретінін айтты. Ұлымен бірге түскен суретін жүктеген әнші баласының үстіндегі жейде де өзінікі екенін жасырмады. Осылайша Сәкен Майғазиев ұлын жер көкке сыйғызбай мақтаған.

"Ұлымның үстіндегі жейдені мен бір бағдарламада кигем. "Әке, киім таза, бүтін болса болғаны" дейді құлыншағым Әділет Майғазы. Мен де кейде баламның киімін тартып алып тұрамын", — деп жазды Сәкен Майғазиев.

Осылайша өзінің балалық шағын есіне алды ол. Сәкен Мағазиев ұлының да қанағатшыл болып өскеніне шүкіршілік етті. Сонымен қатар, әнші жұртқа жақындарыңның ескі киімін киюден арланбаңдар деп кеңес берді.


"Аллаға шүкір, өзіміз де ағаларымыздың киімін киіп өстік. "Балам, үстіңдегі ағаңның киімін күтіп ки, өскенде Тәкен киеді" деп тәрбиелеген бізді. Жігіттер, әкелерің мен ағаларыңның, балаларыңның мен інілеріңнің ескі киімдерін киюден арланбаңдар", — дейді Сәкен Майғазиев.