Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
— 20 көлікке зақым келді. 30 адам ауруханаға жатқызылды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, — деп хабарлады жергілікті билік.
Мэйчжоу қаласы үкіметінің хабарлауынша, қирау түнгі сағат 2:10 шамасында Мэйчжоу қаласындағы тас жолдың 184,3 шаршы метр аумақты алып жатқан бөлігінде болған.
Аэрофотосуреттер трассаның бір жағы опырылып, көліктердің төменге қарай құлағанын көрсетті.