Ташкент билігі ажырасушылардың аты-жөндерін теледидар арқылы жарияламақ - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ташкент билігі ажырасушылардың аты-жөндерін теледидар арқылы жарияламақ

Ташкент билігі ажырасушылардың аты-жөндерін теледидар арқылы жарияламақ

Ташкент қаласының әкімі Рахмонбек Усманов жастардың ажырасу мәселесі көтерілген жиналыста ел президентінің міндетін атқарушы Шавкат Мирзиёевты бұл мәселе қатты алаңдатады деді.

  • 20 Қазан 2016
  • 870
Фото - Caravan.kz

Бұл жөнінде жергілікті басылымдарға сілтеме жасап, Бақ.кз хабарлайды.

Жиналыста көтерілгендей, статистика бойынша ажырасқаннан кейін бес әйелдің бірі ғана қайта шаңырақ көтереді екен. "Қалғандарының тағдыры қалай болмақ? Егер біз өз уақытында бұл мәселенің шешімін таппасақ, ажырасу жылдан жылға өсе береді", — деп атап өтті Тәшкент шаһарының басшысы.

Қала әкімі жиналыс соңында арнайы қаулы қабылданып жатқандығы, оған сәйкес әрбір ажырасушы туралы жан-жақты мәліметті теледидарлардан көрсетіп, "Вечерний Ташкент" газетіне жариялайтыны айтылды.

Усманов шаңырағы шайқалған отбасылар туралы хабарлар ажырасудың азайуына ықпал етеді деп үміттенеді. Ажырасушылардың аты-жөндері теледидар арқылы әрбір 15 күн сайын сағат 23:00-де көрсетпек. "Егер нәтиже шықпаса, отбасы мүшелерінің суреттерін жариялаймыз", — дейді Рахмонбек Усманов.


Тәшкент әкімі ажырасуға себепші болатын ата-енелер, келіндер ток-шоуға келіп, тікелей өздері пікір-талқыға қатысатын болады дейді.