Ташкент Қызылорда облысын су басып кету қаупінің алдын алу үшін Арнасай ойпатындағы бөгетті ашып жіберу мүмкіндігін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ташкент Қызылорда облысын су басып кету қаупінің алдын алу үшін Арнасай ойпатындағы бөгетті ашып жіберу мүмкіндігін қарастыруда

Ташкент Қызылорда облысын су басып кету қаупінің алдын алу үшін Арнасай ойпатындағы бөгетті ашып жіберу мүмкіндігін қарастыруда

Өзбекстан үкіметі Қызылорда облысын су басып кету қаупінің алдын алу үшін Арнасай ойпатындағы бөгетті ашып жіберу және оны Шардара су қоймасы үшін резервтік сужима ретінде пайдалану мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен бүгін, 3-ақпанда хабарлады.

  • 3 Ақпан 2004
  • 692
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, 12-қаңтарда Ташкентте Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының Шардара су қоймасындағы күрделі ахуалға және Сырдарияны бойлай орналасқан елді мекендердің су астында қалу мүмкіндігіне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Кеңеске қатысқан ҚР су шаруашылығы комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев Өзбекстан жағына Арнасай ойпатындағы бөгетті ашып жіберу туралы ұсыныс жасаған. Аймақтағы қауіп сейілгеннен кейін ҚР үкіметі бұл бөгетті өз күшімен қайтадан қалпына келтіруге дейын.

Бүгінге дейін Өзбекстан жағы бұл ұсыныспен келісуден бас тартқан. Алайда, ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, 8-ақпанда А.Рябцев Өзбекстан Республикасының ауылшаруашылығы және су шарашылығы министрінің орынбасары Әбдірахман Жалаловпен Ташкентте кездеседі. Онда бөгетті ашып, Шардара су қоймасындағы су деңгейін реттеу мәселесі талқыланбақшы.
Дәл қазіргі жағдаймен, ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің су шаруашылығы комитетінің мәліметіне сәйкес, Шардарадағы су деңгейі 4,8 млрд. текше метр шамасында тұрақтанды. Ал жобалық көлем 5,2 млрд. текше метрді құрайды. Өткен аптада су қоймасына жіберілетін және одан алынатын су көлемі секундына 1200 текше метрді құрады. Мамандардың айтуынша, мұндай режим сақталған жағдайда, көктемгі су тасқыны басталатын наурыз айының басына дейін су деңгейі 4,5 млрд. текше метрге дейін азаюы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар