Ташкентте 11 ірі базардың басшылары ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ташкентте 11 ірі базардың басшылары ұсталды

Ташкентте 11 ірі базардың басшылары ұсталды

«Тошбозорсавдо» қауымдастығының жиналысында кемінде 11 базардың басшылары ұсталған. Өзбекстан Бас прокуратурасының мәлімдеуінше, олардың бәрі мемлекеттік қоймаларда пияздың шіруіне жол берген деп айыпталады.

  • 27 Тамыз 2018
  • 45
Фото - Caravan.kz

Базаркомдар 30 маусымда ұсталған. Бірақ олар жайында ақпарат енді шықты. Ұсталғандардың туыстарының хабарлауынша, екі ай бойында базар басшылары ІІМ тергеу абақтысында жатыр, деп жазды centralasian.org

"30 маусымда әкемді "Тошбозорсавдо" қауымдастығынан жиналыс болады деп алдап шақырып алды. "Жиналыс" кезінде оларды тұтындаған. Әкемнен бөлек ондаған базардың басшыларын ұстаған. Жиналыс таңертең басталған. Жарты сағаттан кейін прокуратура өкілдері келіп, барлығын көлікке салып, алып кеткен. Бұл жөнінде бізге әкемнің жүргізушісі хабарлады", – дейді ұсталғандардың бірінің ұлы.

Биыл көктемде Ташкент базарларында үш мың тонна пиязды тегін таратқан.

"Ұсталғандарға мемлекетке 12 млрд сум (1,5 миллион АҚШ доллары) шығын келтірді деген айып тағылды. Былтыр күзде астана базарларына пиязды сақтау үшін, 12 млрд сум бөлінген. Көктемге қарай, қоймаларда сақталған пияздың бәрі шіріп кеткен", – деді «Тошбозорсавдо» қауымдастығының өкілі.

Оның сөзінше, ұсталғандардың ішінде "Урикзор", "Чиланзар" (Ипподром), "Бек тупи", "Чорсу" және "Эски жува" секілді базарлардың қожайындары болған.


Өзбекстан Бас прокуратурасы өкілі бұл ақпаратты растады. Оның айтуынша, базаркомдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 167-бабы («Мемлекет мүлкін ұрлау және шығын келтіру») бойынша іс қозғалған. "Ұсталғандардың саны өсуі мүмкін. Тергеу ісі әлі аяқталмады", – деді ол.

Бірқатар астана базарлары қызметкерлерінің айтуынша, биыл ақпан айында базар иелері пияз бағасының өте арзан екенін, әрі оларды сақтауға жағдай жоқ екенін айтып, тиісті ұйымдарға шағымданған, бірақ өтініштері жауапсыз қалған дейді.

Соңғы жаңалықтар