Ташкентте бүгін ШЫҰ саммиті ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ташкентте бүгін ШЫҰ саммиті ашылады

Ташкентте бүгін ШЫҰ саммиті ашылады

Саммит 23-24 маусымда өтеді. Оған ШЫҰ елдерінің барлық басшылары қатысатындарын растады. Ташкентте өтетін шараға ШЫҰ елдерінің, халықаралық ұйымдар мен шетелдік БАҚ-тан 1 мыңға жуық өкілдер келеді.

  • 23 Маусым 2016
  • 372
Фото - Caravan.kz

Көшбасшылар ұйым қызметін жетілдіру үшін қандай тәсілдер қабылдау қажеттігін талқылайды, экономикада, қауіпсіздік және лаңкестікке қарсы іс-әрекет саласындағы ынтымақтастықты қарайды, өзекті халықаралық проблемалар сөз болады, деп жазды РИА Новости.

Самитте 11 құжатқа қол қойылады. Саммит қорытындысы бойынша негізгі құжат Ташкент ШЫҰ-ның 15-жылдығының декларациясы болады. Онда ШЫҰ даму перспективасына тәсілдер, мүшелердің ағымдағы халықаралық, өңірлік жағдайы, қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін шешу бойынша ұстанымы   көзделген.

ШЫҰ-ға Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Беларусь, Моңғолия, Үндістан, Иран, Пәкістан мен Ауғанстанға бақылаушы мәртебесі берілген. 2015 жылы ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістанды ұйымға қабылдау рәсімі басталады.  Ұйымға Өзбекстан  төрағалық етеді. 

Күн тәртібінде үш мәселе — «ШЫҰ отырысы аясында қол қоюға енгізілетін құжаттар, Үндістан мен Пәкістанды толыққанды мүшелікке қабылдау бойынша келіссөз үдерістері және өзекті өңірлік және халықаралық проблемалар бойынша пікірлер алмасу» бар.


Еуразиялық экономикалық одақ және Жібек жолы Экономикалық белдеуі желісі бойынша интергация мәселелері де шет қалмайды. Атап айтқанда, «мұндай бірлескен жұмыс ЕАЭО, Қытай, Үндістан, Пәкістан және басқа да бақылаушы мемлекеттер мен ШЫҰ диалогы бойынша әріптестердің қатысуымен Ауқымды еуразиялық әріпестік құруға бастама болады».

Саммитте Ауғанстандағы нашарлап бара жатқан жағдайға баса назар аударылады.

Ташкентте саммитте Иранның ШЫҰ-ға кіру өтінімі қаралатын болады.