Ташкентте халықаралық ақындар айтысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ташкентте халықаралық ақындар айтысы өтті

Ташкентте халықаралық ақындар айтысы өтті

 Өзбекстанның астанасында халықаралық ақындар айтысы өтт

  • 18 Қараша 2013
  • 432
Фото - Caravan.kz

Жыр додасын Республикалық қазақ мәдени орталығы, Республикалық интернационалдық мәдени орталық және басқа да қызығушылық білдірген мемлекеттік құрылымдар ұйымдастырды. Сонымен бірге, бұл шараның өтуіне Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі қолдау көрсетті.

Аталған айтыс «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәңгілік достық» келісімінің 15 жылдығы мен Төле бидің туғанына 350 жыл толуына орайластырылған.

Ақындардың жыр сайысына Қазақстан мен Өзбекстанның 12 танымал сөз өнерінің шеберлері қатысты.

Шараның ашылуына қатысқан Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин мен Өзбекстанның Республикалық интернационалдық мәдениет орталығының төрағасы Насреддин Мұхаммадиев осы сынды мәдени шаралардың екі елдің арасындағы екі жақты қарым-қатынасты нығайта түсетіндігін атап өтті.


Бір күн бойы ақындар өз шеберліктерін байқасты. Төрешілердің бағалауы бойынша жыр бәсекесінің басты сыйлығы — Өзбекстанда шығарылған «Шевроле Нексиа» көлігі өзбекстандық Гран-при иегері Құлмахан Дүйсеновке бұйырды. Бірінші орынға қазақстандық ақын Бекарыс Шойбеков ие болды. Оған да сыйға автокөлік табыс етілді. Екінші орыннан Жансая Мусина мен Жақсылық Орынбасар (Қазақстан) көрінді. Үшінші орын Сара Тоқтамысова, Алик Бекмұсаев (Қазақстан) және Жандарбек Қайырбековке (Өзбекстан) бұйырды.

Перейти к новостям спорта