Ташкентте Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының Шардара су қоймасына арналған дөңгелек үстелі өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ташкентте Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының Шардара су қоймасына арналған дөңгелек үстелі өткізіледі

Ташкентте Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының Шардара су қоймасына арналған дөңгелек үстелі өткізіледі

Бүгін, 12-қаңтарда Ташкентте Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының Шардара су қоймасына арналған дөңгелек үстелі өткізіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің су шаруашылығы комитетінен хабарлады.

  • 12 Қаңтар 2004
  • 658
Фото - Caravan.kz

Дөңгелек үстел аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан республикаларының мемлекеттік мекемелерінің су шаруашылығы және энергетика мәселелерін жауаптанған өкілдері Нарын-Тоқтағұл су каскадынан қыс маусымында Сырдарияға су жіберу көлемінің артуына байланысты Шардара су қоймасының суға толу проблемаларын талқылайды. Бұған қоса тараптар 4-қаңтарда үкіметтік деңгейде қол қойылған Шымкент хаттамасының орындалу мәселесін қарап, міндеттемелердің орындалмау себептерін сараптайды. Қазақстан атынан дөңгелек үстелге ҚР су шаруашылығы комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев пен KEGOC ААҚ-ның вице-президенті Есберген Әбітаев қатысады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 4-қаңтарда Шымкентте арнаулы хаттамаға қол қойылып, соған сәйкес, Өзбекстан жағы Арнасай су қоймасына секундына 650 текше метр су өткізуге жағдай жасауы, Қырғызстан 6-қаңтардан бастап Нарын су электр станциялары каскады арқылы су өткізу мөлшерін секундына 500 текше метрге дейін азайтуы, ал Қазақстан жағы Қырғызстандағы электр қуатын өндіру мөлшерінің орнын толықтыру үшін қаңтар айында Бішкектегі жылу электр станциясына 15 мың тонна мазут пен 85 мың тонна көмір беруі тиіс болатын.
Дәл қазіргі жағдаймен, ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің су шаруашылығы комитетінің мәліметіне сәйкес, Қырғызстан жағы секундына 590 текше метр су жіберіп отыр. Ал Шымкент мұнай өңдеу зауытының ақпаратына сүйенсек, Қырғызстанға мазут жіберу жұмысы басталмаған .

Соңғы жаңалықтар